Есептік кездесулер

Куйбышев ауылдық округі әкімі Қ.А. Барқытовтың есеп баяндамасы

Құрметтi ауылдық округ тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес республика бойынша барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындар алдына есеп беру кездесулерi өткiзiледi, оның ең басты мақсаты тұрғындарды ақпараттандыру болып табылады. Атқарушы билiктiң және тұрғындардармен кездесуi кезiнде басты мәселелер шешiлiп,тұрғындарды елiмiзде өткiзiлiп жатқан реформалар, былтырғы жылдың қортындысы, Қазақстан Республикасы, облыс және аудан, ауылдардың одан әрi дамуының негiзгi бағыттары мен тапсырмасы туралы ақпараттандырылады.

Куйбышев ауылдық округiне үш елдi мекен: Боголюбово, Надежка,Вознесенка ауылдары кiредi, онда 2040 адам тұрады.

Ауылшаруашылығы

Ауылдық округте 789 аула, соның iшiнде қосалқы шаруашылығы бар-357 аула бар, онда IҚМ- 945 бас, шошқа-248 бас, ҰМҚ-938 бас, жылқы-94 бас, құс-6317 бас ұсталынады.

Округте 3-ЖШС, 1- коммандиттiк серiктестiгi,8 — ФҚ, 70-ШҚ бар.

Ауыл шаруашылығында маусымдық-00000 адам жұмыс iстейдi.

2017 жылғы егiн салу және жинау жұмыстары уақытында жүргiзiлдi.

2017 жылы «Игiлiк» бағдарламасы бойынша «Кузин П.В.» ЖК үш бас аналық жылқы 900000 теңгеге сатып алды.

Чурилов ШҚ- 2 бас аналық iрi қара мал,48 бас ұсақ мүйiздi малды, құны 2 000 000 теңгеге сатып алды.

Округте лицензиат- мал дәрiгерi бар. Барлық жоспарланған ветеринарлық шаралар лицензиат- мал дәрiгерiмен жүргiзiлген.

Ауыл шаруашылығы жануарларына бiрдейлендiру жүргiзiлiп,барлық малдарға паспорт берiлiп, компьютерлiк база мәлiмет енгiзiлген.

Округ тұрғындарының өнiмдерiн өткiзу мақсатында, тұрғындардан сүт сатып алу жұмысы ұйымдастырылған.

Бүгiнгi күнi сүттi сатып алу литрiне 70 теңгенi құрайды.

Тұрғындардан 100 тонна сүт сатып алынған.

Кәсiпкершiлiк

Округ аумағында 30 тiркелген шағын және орташа бизнес субъектiлерi бар.

Кәсiпкерлер сауда- сатып алу қызметiне мамандандырылған.

Округте 24 сату нүктелерi қызмет жасайды, бiр адам жүк тасмалдау қызметiмен, бiр жеке кәсiпкер тұрғындардан сүт сатып алумен айналысады, үш отын дайындаушылар бар.

Сумен қамтамасыз ету

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бiздiң елiмiздiң басты тапсырмаларының бiрi болып табылады. Боголюбово және Надежка ауылдары таза ауыз сумен қамтамасыз етiлген, Надежка ауылында су тарату бекетi жұмыс iстейдi.

2018 жылы Вознесенка ауылында су тарату жолын салу бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.

Аббаттандыру

Жыл бойы округтың елдi мекендерiнде аббаттандыру және санитарлық тазалық бойынша жұмысы ұйымдастырылды және өткiзiлдi:

Елдi мекен көшелерiн тәртiпке келтiруге сенбiлiктер (сырлау,ағарту,шөптердi шабу) өткiзiлдi, ауылдық округтiң кiре берiсiндегi атауы жаңартылды.

Боголюбово ауылында жыл сайынғы мерекелеу Ауыл күнiн өткiзу Қазақстан Республикасы күнiне орай өткiзiлдi. Шара шеңберiнде гүлдер фестивалi өткiзiлдi.

Дәстүрге сәйкес аббаттандыру бойынша үш айлық қортындысы шығарылды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Надежка ауылында құны 1282,4 мың теңгеге қара жолды тегiстеу жұмысы жүргiзiлдi;

  • Боголюбово, Надежка,Вознесенка ауылдарындағы қатты тұрмыстық қоқыс үйiлдi;
  • Вознесенка клубы ғимаратының терезелерi ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi;
  • Вознесенка ауылындағы су құбыры жүйесiндегi 3 жарылу орыны қалпына келтiрiлiп және ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi;
  • Боголюбово ауылындағы ағаштар кесiлдi;
  • Боголюбово ауылының тұрғындарын су тасқыны кезiнде су басудан алдын алу мақсатында 2 дамба құрылысына құм себiлдi.

Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау

Бүгiнгi күнi округтың әлеуметтiк белсендi тұрғындары 976 адамды құрайды, соның iшiнде өзiн-өзi қамтығандар-291 адам,241 адам-жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады.

Жұмыспен қамту мақсатында қоғамдық ақылы жұмысқа орналастыру ұйымдастырылған. Барлық қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны-20 адам.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүргiзу шеңберiнде, округтегi әлеуметтiк жұмыс орындарын құру бағдарламасын орындау мақсатында, азаматтарды жұмысқа орналастыру жүргiзiлдi.

Әлеуметтiк жұмыс орыны құрылған жоқ.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бойынша 3 бағытта «Оқыту арқылы еңбекке орналасуға ықпал ету және жұмысшының қажеттiлiгi бойынша көшiру шеңберiнде» бiрiншi «Оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету» 6 адам қатысты.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 отбасы мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алушылар болып табылады. Округ бойынша атаулы әлеуметтiк жәрдемақы алушылар жоқ.

«Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы шеңберiнде 29 оқушыға құны 112 000 теңгеге материалдық көмек көрсетiлдi.

Мемлекет саясатының ең басты тапсырмаларының бiрi халықтың осал топтары: қарттар, мүгедектер көмек көрсету болып табылады.

Қазiргi кезде округте 407 зейнеткер, 69- мүгедектер бар. Жалғыз басты (9 адам) тұратын зейнеткерлерге 2 әлеуметтiк қызметкер бекiтiлген.

Ауылдық округ әкiмi аппараты Ардагерлер кеңесi және аға буын кеңесiмен бiрге бiрлесiп жұмыс жасайды.

Мерейтой иелерiн құттықтау өткiзедi. Зейнеткерлер мен ардагерлердiң материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi.

Барлық округтың ауылдарында қарттар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу қайырымды дәстүрге айналған.

Қазан айында әкiм аппаратының қызметкерлерi, шаруа,фермерлiк қожалықтарының басшылары және жеке кәсiпкерлермен айлық шарасы жоспарына сәйкес азық түлiк пакеттерi мен ақшалай құны 331,5 мың теңге табыс етiлдi.

Айлық өткiзу жоспары негiзiнде отырыстар өткiзiлiп, аудандық мәдениет үйiнiң әртiстерiмен меркелiк концерт қойылдыi.

Қосылғандарына 50 жыл толған ерлi зайыптыларға 5 мың теңге конверт табыс етiлдi.

Вознесенка және Надежка ауылдарында екi негiзгi мектеп, Боголюбово ауылында орта мектеп жұмыс iстейдi.

Надежка және Вознесенка ауылдарынан Боголюбово интернатына балаларды тасмалдау қамтамасыз етiлген.

Толық күн кестесiмен «Жұлдыз» 45 орынға арналған шағын орталық жұмыс iстейдi

Вознесенка және Надежка негiзгi мектептерiнде толық емес күн кестесiмен 17 орынға арналған шағын орталықтары бар.

Бiлiм жүйесiнде 70 мұғалiм жұмыс iстейдi.

Мектептер компьютер техникасымен қамтамасыз етiлiп, «Интернет» жүйесiне қосылған.

Қызылжар аграрлық-техникалық колледжiнде 173 студент оқиды.

Барлық әлеуметтiк нысандар жылыту маусымына дайындалған, отынмен толығымен қамтамасыз етiлген.

Денсаулық сақтау

Округте төрт денсаулық сақтау нысаны қызмет жасайды, соның iшiнде Боголюбово дәрiгерлiк амбулаториясы, екi ФАБ, бiр медициналық бекетi бар.

Медициналық қызмет көрсетудi 1 дәрiгер және 8 орта медицина қызметкерлерi жүргiзедi.

Көлiк және байланыс

Округте телефондандыру мәселесi оң шешiлген. Бiздiң округтың тұрғындары интернетке, ұлттық телекөрiмге қосылуға мүмкiншiлiктерi бар.

«Вeeline», «Activ» және «Теле-2» ұялы телефондары жұмыс iстейдi.

Көлiктiк хабарлама: ауылдық округ ауылдары бiрiмен бiрi, аудандық және облыс орталықтарының жергiлiктi маңыздағы автомобиль тас жолдарымен байланысқан.

Пошта байланыс бөлiмшесi қызмет етедi.

Спорт

Ауылдық округте таза денiсау өмiр сүру насихатына көп көңiл бөледi.

Таза денiсау өмiр сүруге оң қатысты қалыптастыру үшiн және спортты танымал ету мақсатында ауылдық округте Совхоз орта мектебiнде спорт секциялары бар: қазақша күрес, волейбол, үлкендерге арналған армреслинг (аптасына екi рет).

Шағын футбол алаңы, баскетбол алаңы, қысқы уақытта хоккей қорабы бар.Ауылдық округ тұрғындары аудандық- бұқаралық шараларға қатысады.

Мәдениет

Боголюбово ауылында мәдениет үйi, Вознесенка ауылында- ауылдық клуб жұмыс iстейдi.

Округте үш мектеп кiтапханасы, бiр аграрлық техникалық колледжiнде және Боголюбово ауылында бiр ауылдық мектеп жұмыс iстейдi.

Ауылдық кiтапхананың кiтап қоры 13111 дана.

Биылғы жылы ауылдық округ аумағында көптеген мерекелiк шаралар өткiзiлдi.

Мектеп оқытушылары мен оқушыларымен бiрлесе үлкен жұмыс жасалды.

Қылмыстың алдын алу және учаскелiк

полиция инспекторының жұмысы

Ауылдық округ аумағында учаскелiк полиция инспекторы,қоғамдық тәртiпттi сақтау бекетi бар.Авто көлiгi, ұялы телефоны бар.

Ауылдық округ әкiмi аппаратының қызметi

Әкiм аппартының алдына қойған бiрiншi кезектегi тапсырмаларының бiрi бюджеттiң бөлiгiн толықтыру болып табылады, 2017 жылғы салық жинау 95,5 пайызға орындалды.

2017 жылы 5 өтiнiш жеке және заңды тұлғалардан түскен, көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер -66. Барлық өтiнiштер, мемлекеттiк қызметтер уақытында қаралып, шара қолданылып және жауабы берiлген.

Одан басқа жиындар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, елдi мекендердi аббатандыру және санитарлық тазалық мәселесi, жеке сектордың мал жайылымы,ауылды жарықтандыру, қысқы уақыттарда жолдарды ұстау әңгiмелендi, сонымен қатар тұрғындарға аудан және ауылдық округ әкiмдерiнiң тұрғындар алдында есеп беру кездесуiнде айтылған сын ескертпелерiн және ұсыныстарының орындалуы туралы ақпараттандырылды.

2017 жылғы аудан және ауылдық округ әкiмдерiнiң есеп беру кездесу кезiнде барлығы 13 сұрақ қойылған болатын:

1. Жаңа көше шамдары неге жанбайды?

2017 жылғы 25 сәуiрден жаңа көше шамдары қосылды.

2. Ауылда таза ауыз су қашан болады?

«Зенченко и К» КС ауызша келiсiмi бойынша 2018 жылдан бастап су тарту жолын салу жүргiзiледi, осы мәселе бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Қазiргi кезде Вознесенка ауылының тұрғындары ауыз суды жер асты суынан пайдалануда.

3. ОАА жеңiлдетiлген дәрi уақытында берiлмейдi, немесе толық көлемде емес?

2016 жылғы жеңiлдiк дәрi лимитi бiткен, 2017 жылғы жеңiлдетiлген дәрi Қызылжар орталық аудандық ауруханасында және Боголюбово ДА есепте тұрғандардың барлығына берiледi.

Жеңiлдетiлген дәрi алушылар дәрiнi Петропавл қаласынан, аудан орталығынан ала алады.

2018 жылға жоспар

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Боголюбово ауылының қара жолдарын жөндеуге 1399,0 мың теңге.

  • ауыл шаруашылығы құрылымы басшыларымен мал шаруашылығын дамыту бойынша («Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша), несиелендiру бағдарламасы бойынша «Береке», «Ынтымақ», «Бiрлiк», «Ырыс»;
  • Өзiн өзi қамтыған және аз қамтамасыз етiлген тұрғындарды тартуға қайтадан оқу және еңбекке орналастыру;
  • «Жол картасы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жоспарланған шағын несиелеуге қатысу;
  • Әлеуметтiк жұмысшы орындарын құру;
  • Қоғамдық кеңесте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қарастырылып және қолайсыз отбасыларының өкiлдерiмен түсiндiру жұмысын жүргiзу;
  • Әкiмшiлiк айыппұл бойынша жұмысты жалғастыру (аббатандыруды бұзушылық);
  • «Өңiрлердi дамыту» және «Жол картасы жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары шеңберiнде өңiрлердiң дамуына экономикалық ықпал ету шарасын жүргiзу;
  • Ауыл күнiн өткiзу шеңберiнде ауылды жасылдандыру, аббаттандыру 3 айлығының қортындысын шығару;

Алдымызға қойылған тапсырмаларға жетуге, тұрмыс жағдайы, округ тұрғындарының жағдайы жақсаруына, барлық мекемелермен, олардың басшыларының, барлық тұрғындардың бiрлесiп атқарған жұмысы арқасында жетемiз.

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет